|
«Made in
Kazakhstan»
республикалық
инновациялық жобалар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Байқау атауы:
«Made in
Kazakhstan» республикалық инновациялық жобалар байқауы
2. Байқаудың мақсаты:
- Жастарға инновациялық дамудың көкжиегін
ашу арқылы олардың инновациялық белсенділігін арттыру;
- Жаңа
инновацилық идеялар авторларының еліміздің инвесторлар және инновациялық өнімге
тапсырыс берушілермен кездесуіне жағдай жасау;
- Қазақстан Республикасының инновациялық
саясатының тиімділігін арттыру;
- Еліміздің жастарының инновацилық
өрістегі жетістіктерін халыққа жария ету.
3. Ұйымдастыру алқасы
Аталмыш шара «Қазақстан
жастарының Конгресі» мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігінің бірлесуімен өткізіледі.Ұйымдастыру алқасы «Қазақстан жастарының
Конгресінің» атқарушы директораты қатарынан қалыптасады.
4. Байқаудың өткізілу
мерзімі
Байқау құжаттарын қабылдау уақыты: 2010 жылдың 10
тамыз мен 10 қыркүйек аралығында;
Байқау
жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2010 жылдың 23 қыркүйек күні Астана қаласы
Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты түрде өткізіледі.
5. Байқауға қатысушылар:
- 15-35 жас аралығындағы жас
ғалымдар және білімнің әр саласының оқытушылары, профилді коледж және лицей шәкірттері,
студенттер, магистранттар, докторанттар
және жас мамандар;
- Жаңа технологияларды ендіру
саласында маманданған ірі отандық өндірушілер және шағын және орта бизнес
өкілдері;
- Инновациялық және инвестициялық
жобалардың ғылыми сарапшылары;
- Инновациялық сала өкілдері.
6. Байқау келесі
номинациялар бойынша өткізіледі:
- Химия, фармацевтика және мұнай-газ
саласындағы үздік жоба
- Атом өнеркәсібі, атом энергетикасы
саласындағы үздік жоба
- Құрылыс
индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру саласындағы үздік жоба
- Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
үздік жоба
- Туристік саладағы үздік жоба
- Ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар саласындағы үздік жоба
- Биотехнология саласындағы үздік жоба
7. Жобаларды бағалаудың
басты критерийлері:
- Жобаның ғылыми-техникалық жаңашылдығы;
- Жобаны сипаттау сапасы;
- Мақсатты аудиторияны қамтуы;
- Жаңа техникалық қасиеттердің болуы
8. Байқауға қатысу өтініші мен жобаларды рәсімдеу
(оформление) талаптары:
Байқауға қатысушы
мәлімдемесінің үлгісі
|
1.
|
Номинанттың
аты-жөні
|
|
|
2.
|
Номинанттың туылған күні және жері
|
|
|
3.
|
Номинация
|
|
|
4.
|
Жоба мазмұны жөнінде шағын эссе
|
|
|
5.
|
Жетістіктері (сыйлықтар, дипломдар)
|
|
|
6.
|
Толтырылған уақыты
|
|
|
7.
|
Қолы
|
|
Жоба құрылымының үлгісі
9. Мәтін
Құжат MS Word редакторының doc форматында орындалады
Бет пішімі: А4.
Өрістер (поля): үстінгі және астыңғы- 20 мм, сол жақ - 30 мм оң жақ - 15 мм.
Қаріп Times New Roman, кегль - 12 және жол аралық (межстрочный) интервал
- 1 пт.
9.1. Негізгі
ақпарат:
Жоба атауы (мәтіннің
1 - 2 жолы).
Өзектілігі
Мақсаты мен міндеті
Іске асыру формасы
Жобаның ерекшелігі
Қолдану аясы (мәтіннің
1-4 жолы).
Қысқаша сипаттамасы мен негізгі техникалық мінездемесі ( қажетті суреттер, кесте және графикпен бірге 2 бетке дейін).
Хатты
рәсімдеуге қатысты талаптар:
- Қатысушы
байқауға қатысу мәлімдемесін оң бетінде өзінің жеке және ұйымдастыру
комитетінің толық атауы мен пошталық мекен-жайы толтырылған хатқалтаға жапсырады.
- Хатқалам
бетінде міндетті түрде "Made in Kazakhstan" мәтіні жазылуы тиіс;
- Толтырылған
мәлімдеме үлгісі мен жобалар мына мекен-жай бойынша жіберіледі: «Қазақстан жастарының Конгресі», Ирченко
көшесі 31, кеңсе № 10, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы, 010000
Электрондық хатты рәсімдеуге қатысты талаптар:
- Электрондық пошта арқылы жіберген
уақытта, тақырып жолына міндетті түрде «Made in Kazakhstan» атты
тақырып атауын жазуыңызды өтінеміз);
- Толтырылған
мәлімдеме үлгісі мен жобалар мына электрондық мекен-жай бойынша қабылданады: kmk_kaz@list.ru.
Байқауға қатыстыхабарландырулар және
өткізу жөніндегі арнайы ақпараттық құжаттар Қазақстан жастарының Конгресі www.zhastar.kz.
сайтында орналасады. Шараға қатысты кез келген сұрақтарды қатысушы Ұйымдастыру алқасынан анықтай алады. Байқауға қатысу - тегін.
Ұйымдастыру алқасы
Мекен-жай: Астана
қ, Ирченко көш. 31, кеңсе 10
Тел: 8/7172/ 391845,
Факс: 8/7172/ 391845
Электрондық пошта: kmk_kaz@list.ru
www.zhastar.kz |